Түркістан облысы білім басқармасының бастамасымен жүзеге асырылған “Күлтегін” зияткерлік ойынында финал!!!

17 ауданнан келген үздік оқушылар өзара білім додасына түсті. Ақтық сынға оқ бойы оза шапқан 3 команда  түрлі 5 кезең бойынша жарысты( “Дарабоз, “İQ дода”, “Құпия сандық”, “Ғажайып эксперимент”, Ой таным”).

Тартысты ойынды таспалауға “Түркістан” телеарнасы ақпараттық қолдау білдірді! 4 айға жуық уақытқа созылған білімділер сайысы өз көрменінің ықыласына бөленді.

300 ұпаймын Отырар ауданының озат оқушылары I дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңіске жетті. Екінші орынды 260 ұпай жинап ордабасылық оқушылар алды. Үздік үштікте Шардара ауданының үздіктері 240 ұпай еншіледі!

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының атынан алғыс хат беріліп, ақшалай сыйлықтар үлестірілді!

Барша білімгерлерді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!